Ауылда екі күн қатарынан қоралар өртенді

516

0

Қызылорда облысы Қазалы ауданының Ғани Мұратбаев ауылында екі күнде 6 тұрғынның қорасы өртеніп, жиналып тұрған шөбі жанып кетті.

«Аталған елді мекенде 19 қыркүйекте 2 тұрғынның қорасы өртке оранған еді. 20 қыркүйекте ауылда тағы 4 қора жалынға оранды. Қысқа түсіріп қойған шөптері түгелімен жанып кеткен. Қазір қызыл жалын толығымен өшірілді. Аталған жағдай бақылауға алынды. Оқиға орнында 3 «КаМАЗ» жүк көлігі мен 1 тегістеу техникасы тазарту жұмыстарын жүргізді», – деп хабарлады Қазалы ауданы әкімдігінен.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ауылға барып, тұрғындармен кездесті. Тиісті сала басшыларына өрт оқиғасынан зардап шеккен тұрғындарға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен мәлім еткендей, ауылда бір-біріне жақын салынған қоралар өртенген.

«Оқиға орнында №9 өрт сөндіру бөлімшесінен мамандар жұмыс істеді. Жалыннан тұрғындардың малдары аман қалды. Қора ішіне жиналған шөптері жанып кетті», – делінген ведомство дерегінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<