Ауылдағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның кірпіші қаланды

647

0

Фото: Жалағаш ауданы

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов Қаракеткен ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысты.

Алдымен аудан әкімі ауыл тұрғындары, сала мамандары және ардагерлермен кездесті. Елді мекендегі халықтың сұранысына ие жаңа нысан Мемлекет басшысының, үкмет басшысы және облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып жатқанын жеткізді.

Қаракеткен ауылдық округінен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға республикалық бюджеттен 189,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 59,3 млн. теңге қаржы бөлінді.

Құрылыс жұмыстары барысында алғаш кірпіш қалау рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, сала ардагерлері мен ауыл ақсақалдары қатысты.

Дәрігерлік амбулатория құрылысын жыл соңына дейін аяқтап, тұрғындар игілігіне табыстау жоспарлануда.

Жалағаш ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<