Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы болды. Кеше «AMANAT» партиясының облыстық филиалында аталған іс-шараның негізгі міндеттері баспасөз конференциясы өтті.
Партияның облыстық филиал төрағасы Жандос Базартай диалог-платформаның мазмұны мен негізгі бағыттары, талқыланған мәселелер, қабылданған шешімдер туралы ақпарат берді.
– Бұл платформа – ауылдарды дамыту, ауыл әкімдері институтының жұмысын жетілдіру, ауылдық жерлердегі өмір сапасын арттыру, ауыл әкімдерінің өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына бағытталған бастамаларды жүйелі ілгерілетуге бағытталды. Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыстың негізгі 5 бағытын атады және Үкіметтен бастап, ауыл әкімдеріне дейін осы бағыттарды жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді, – деді ол.
Филиал төрағасы сондай-ақ Президент атап өткен партияның «Әкімдер мектебі» жобасы және әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігін күшейту мәселесі бағытында партия тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Баспасөз конференциясы барысында Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов Мемлекет басшысының төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыру бағытында айтқан ұсынысын қолдап, өз округтерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
«СБ» ақпарат





