Ауылдық клубтың алғашқы кірпіші қаланды

440

0

Қазіргі таңда аудан орталығынан шалғай орналасқан Кәукей ауылында 100 орындық клуб бой көтеруде.

Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен жаңа клуб ғимаратының алғашқы кірпішін қалау рәсімі өтті. Оған облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап та қатысты.

Шарада аудан басшысы Мұхтар Әуесұлы бас мердігер жұмысына сәттілік тілеп, құрылыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуін тапсырды.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қызылқұм беткейге сапары барысында Сырдария өзенінің «Қарлаң» учаскесіне салынып жатқан темір-бетон көпірі мен Бозкөл мен Кәукей ауылының арасындағы жолды жөндеу жұмыстарын да көрді.

Алдымен биыл басталған көпір басында құрылысшылармен кездесіп, ауқымды жобаның іске асыру барысын талқылады. Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне көпір құрылысы баяу жүріп жатқанын тілге тиек етіп, жұмысты жеделдету қажеттігін айтты.

Мұнан соң Бозкөл мен Кәукей елді мекендерінің арасындағы жолдың бұзылған қабатын қайта жөндеу жұмыстарын көрді.

Аудан басшысы мердігер мекеменің жауапты қызметкерлеріне бұл күнге дейін атқарылған жұмыстарға халықтың тарапынан көп сын-пікір айтылғанын жеткізді. Сондықтан қалған жұмысты сапалы аяқтау қажеттігін айтты. Жол жөндеу жұмыстарының сапалы болуын тиісті сала басшыларына тапсырып, күнделікті қадағалау қажеттігін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<