Қызылорда қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына!
17 маусым күні 23:00-ден бастап 18 маусым күнгі сағат 06:00-ге дейін Қызылорда қаласын ауыз сумен қамтамасыз ететін «Бас Тоған» су алу кешенінде орналасқан д-600мм ашып-жабу ысырмасында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты қала көлемінде ауыз су беру түнгі сағат 23:00-ден бастап таңғы сағат 06:00-ге дейінгі уақыт аралығында ауыз су қысымы төмендеп, уақытша тоқтауы да ықтимал.
Қызылорда қаласы тұрғындарын қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<