Ауыз су желілері үздіксіз жұмыс істеуде

244

0

Фото: Шиелі ауданы

Кеше аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауыз су мәселесіне байланысты «Сыр суы» филиалына қарасты «Жиделі топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесіне барып, су көтеру насос станцияларының жұмысымен танысты.

Аталған бөлімше Шиелі кенті мен ауданның 22 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Бас саға – Сүттіқұдықтан 32,4 шақырымнан екі негізгі су құбыры арқылы тәулігіне 9000-10000 м³ су қабылданады.

– №3 насос станциясынан: Шиелі кенті, Бидайкөл, Ақмая, Байсын, Жақаев елді мекендеріне тәулігіне 8000-8500 м³ су жеткізіледі. Сонымен қатар Бәйгеқұм, Балаби, Ортақшыл, Жансейіт, 21-Бекет, Досбол би, Тәжібаев бағыттарына 1700-2000 м³ су босатылады.

– №5 насос станциясынан: Бестам, Алғабас және Көкшоқы елді мекендеріне 1300-1400 м³ су таратылуда.

Сондай-ақ, №5 насос станциясы алдында Бәйгеқұм бағытына жүргізілген магистраль бойына қосымша су қысымын арттыратын насос қондырғысы орнатылып, жаз мезгілінде Шиелі кентінің батыс бөлігі мен Байсын, Жақаев елді мекендеріне тәулігіне 800-1000 м³ су берілуде.

Айта кетейік, бүгінде Шиелі ауданы толықтай ауыз сумен қамтамасыз етілген.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі