![Қай аймақта автокөлік көп сатылғаны белгілі болды](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2018-07/thumbs/1530786135_1460043600_12-12.jpg)
ҚАБҚ мәліметі бойынша, жарты жыл ішінде республикада барлық түрлердегі 563,4 мың көлік құралы есепке қойылған. Маусым айында бұл көрсеткіш 12,5% артып, 107,9 мың автомобильге жеткен.
Жалпы тіркеу санындағы бастапқы тіркеу үлесі маусымда 7,8% дейін артып, 8,4 мың көлік құралын құраған. Екінші тіркеудегі көлік көлемі 99,5 мың болған, бұл – жалпы көлемнің 92,2%. Тіркелген көліктердің үштен екі бөлігі – 10 жыл бұрын шығарылған автомобильдер (70,6 мың дана). Ал 20 жылдан астам уақыт бұрын шығарылғандары – 40,6 мың авто, 10-20 жыл бұрын пайдалануға берілгендері – 29,9 мың дана. 3-10 жылдық көліктер 25,7 мың авто болса, 3 жылға дейінгі мерзімдегілер – 11,7 мың авто.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша өңірлерге бөліп қарастырғанда, Алматы облысы көш бастап тұр. Қаңтар-маусым айларында бұл облыста 82,6 мың көлік құралы тіркелген. Екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы – 79,4 мың автомобиль тіркелген. Рейтингтегі үшінші және төртінші орындарға республикалық маңызы бар қос қала – Алматы (71,3 мың дана) мен Астана (48,1 мың дана) орналасқан. Бұл бестікті Қарағанды облысы 39,1 мың авто көрсеткішімен тұйықтап отыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<