Айдың тұтылуына жай көзбен қарауға болады – астроном

311

0

Айдың тұтылуына жай көзбен қарауға болады - астроном Шілденің 27-нен 28-не қараған түні қазақстандықтар астрономиялық сирек құбылыстың куәсі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін түнде Астана уақытымен сағат 23.13-те Ай тұтылады. «Бұл түні толған Ай өз орбитасында батыстан шығысқа қарай жылжып, Жердің көлеңкесіне еніп көрінбей кетеді. Басқаша айтқанда Ай Жердің тасасында қалады. Ай мүлде жоғалып кетпейді, көрініп тұрады. Жердің көлеңкесі Айдың көрінетін бетін толығымен торлап, оны қызғылт түске бояйды», – деді қазақстандық астрофизик Виктор Тейфель. Астрономның айтуынша, ерекше көріністі Қазақстанның барлық аймағының тұрғындары тамашалай алады. Құбылысқа жай көзбен қараудан келіп кеткер қауіп жоқ. Табиғат ғажайыбын қазақстандықтар 23.13-те тамашалай алады. Бұл жолы құбылыс ұзаққа, 4 сағатқа созылады. Толық тұтылуы кезінде күн жарығыны көлегейлеген Жердің көлеңкесі Айдың бетін жабады. Айдың түсі қызғылт болып көрінеді. «Қызыл түстің пайда болу себебі Жерді жанай өткен күн жарығы Жер атмосферасының қалың қабатын басып өтеді. Атмосферадағы ауа көк, жасыл, күлгін сәулелелерді шашыратады. Жарық Айға жеткенде қызыл түс қалады. Күн шығарда және батқанда көрінетін қызғылт шапақтың да себебі осы», – деді ғалым.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<