ҚАЙРАТКЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

231

0

Елбасы Қазақстанды аяғынан нық тұрғызу үшін 30 жыл еңбек етті. Қай саланы дамыту үшін қандай қадамдарға бару керегіне дейін көз жүгіртіп, көрегенділікпен айналасын барлады. Осылайша ел дамуын қамтамасыз етті. Тәуелсіздік алған елдің әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан биікке қадам басуына тер төкті. Халықтың тұрмыс-тіршілігі түзеліп, жағдайы жақсарды.
Әлем таныған тұлғаға айналған қайраткер жер жүзін Қазақстанмен санасатындай дәрежеге жеткізді. Сол себепті, Нұрсұлтан Назарбаев ең жоғары мемлекеттік наградаға лайықты.
Менің ойымша, оны бренд адам деп атасақ та болады.

Аман АБАСИЛОВ,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың
қауымдастырылған профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<