«ҚАЙСАР»: биылғы маусым бұрынғыдан өзгерек

338

0

«ҚАЙСАР»: биылғы маусым бұрынғыдан өзгерек Сейсенбіде «Қайсар» футбол командасының таныстырылымы өтті. Бұл маусым бұрынғыдан басқа, жылдағыдан өзгерек. Биыл жанкүйерлердің жүрегінен орын алған «Қайсарға» жарты ғасыр толады. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтап, спортшыларға сәттілік тіледі.

− Биылғы маусымда «Қайсардың» намысын қорғайтын футболшыларға үлкен жауапкершілік артылмақ. Өйткені, биыл Қызылорда футболы жартығасырлық мерейтойын атап өтеді. Сонымен қатар, Астана қаласының – 20, Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы басталып кетті. Осы айтулы датада ойыншыларымыз бізге үлкен сый жасайды деген үміттеміз, − деді облыс әкімі.

Өткен маусымда «Қайсар» командасы өз міндетін жақсы орындап, чемпионатта алтыншы орынды иеленген болатын.

Биылғы жылғы басты міндет – өткен жылғы көрсеткіштерді жақсарту. Облыстың бас командасы кем дегенде, бесінші орынға тұрақтауы керек. Өткен маусымда команда намысын қорғауда жерлесіміз Мақсат Байжановтың еңбегі зор болды. Биылғы маусымда қос бірдей жерлесіміз – Асхат Тағыберген мен Дәуренбек Тәжімбетов туған елге оралды. Қызылордалықтардың «Қайсарда» ойын көрсетуі жанкүйерлер үшін де, жас  футболшылар үшін де маңызды.

Шарада футболшылардың шетелде жаттығу сәттерінен бейнероликтер көрсетіліп, жаңа киім үлгілері таныстырылды. Футболшылардың жігерлі, жеңіске құштар, сенімді екенін байқаған ел де қошеметін аямады.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,


«Сыр бойы».


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<