\»Қайсар\» сапына Мозамбик құрамасының ойыншысы қосылды

214

0

 Қасқырлардың жаттығу жұмысына Мозамбик құрамасының шабуылшысы Режиналдо Файфе қосылды. 
29 жастағы футболшы бас бапкер Стойчо Младеновтың сынағынан өтпек. Режиналдо «Насьонал», «Санта Клара», «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси», «Шахтер» секілді клубтардың намысын қорғаған. Клубтық мансабында 167 рет алаңға шығып, 48 мәрте мергендігімен көзге көрінген.

ФК «ҚАЙСАР»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<