«Қайсардың» қатары тағы бір футболшымен толықты

53

0

 Қызылорданың «Қайсар» командасының қатары тағы бір ойыншымен толықты. Команда басшылығы хорватиялық қорғаушы Марин Оршуличпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марин Оршулич 1987 жылдың 28 тамызында дүниеге келген. Футболшы мансабын 2009 жылы Хорватияның «Загреб» клубында бастаған. 2012 жылы Әзербайжанның «Хазар» (Ленкорань) командасына келді. Одан кейін қайтадан Хорватияға оралып, 2013 жылы «Задар» командасында доп тепті. 2014 жылы Болгарияның ЦСКА (София),  2015 жылы Норвегияның «Тромсе», 2016 жылы Кипрдің «Омония» клубтарының жейдесін киді. Ал соңғы екі жылда Оңтүстік Кореяның «Соннам» командасының жейдесін киді. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Қайсар» командасының басшылығы бірден 17 футболшымен келісім-шарт жасағанын хабарлаған едік. 
 «Қайсар» командасы қаңтар айының басында Түркияда жаңа маусымға дайындығын бастады. Сондай-ақ, «Қайсар» командасының бас бапкері Стойчо Младенов биыл да қызметін жалғастыратын болды. Қызылорданың «Қайсар» командасы 2019 жылы жүлделі орынның біріне ілігу мақсатын көздеп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз