Бекзат Құрманбекұлы «Қайсар» командасының түлегі саналады. Былтыр ол бірінші лигада ойын көрсететін «Байқоңыр» командасы сапында жасыл алаңға шықты. Аталмыш клуб сапында бірінші лигада 22 мәрте жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасын 1 мәрте дәл көздей білді.
Сондай-ақ, ол «Қайсардың» жастар құрамы сапында 9 мәрте ойнады. Сондай-ақ, биыл «Қайсардың» құрамында алғаш рет жергілікті футболдың түлегі шабуылшы Шоқан Абзалов та доп тебеді. Ол бұған дейін «Байқоңыр» командасы сапында 16 кездесуге қатысып, 6 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Биыл «Қайсардың» құрамына жергілікті футболшылар көптеп тартылды.
Шабуылшы Өркен Махан да биыл қызылордалық клуб жейдесін киеді. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Қайсар» 21 ақпанда Түркияда оқу-жаттығу жиынының соңғы ойынын өткізді. Онда Түркіменстанның «Алтын асыр» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңді.





