«Қайсардың» қыздары кубок иеленді

192

0

Жыл соңында қызылордалық «Қайсар» гандбол командасы Астана қаласында әйелдер арасында өткен Тәуелсіз Қазақстан Мемлекеті кубогында І-орынды жеңіп алды. Осыған дейін ел кубогының жүлделерін иеленіп келген Сыр гандболшылары бұл жолы да өзге қарсыластарының жолын кесті.

Сондай-ақ, ҚР спорт шебері, команда капитаны, ұлттық құрама мүшесі Дана Әбілда «Үздік ойыншы» атанды.

Айта кетейік, аймақтық команда бұған дейін оқушылар арасында үш мәрте ҚР спартакиадасының жеңімпазы, төрт дүркін ҚР жастар ойындарының жеңімпазы, үш мәрте бүкілқазақстандық спартакиаданың жеңімпазы, клубтар лигасында Азия чемпионы атанған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<