Кітаптың ерекшелігі сол ондағы есептер балалардың тез жаттап алуына болатын өлең түрінде берілген. Автор баланың ойлау қабілетін дамытатын есепті бір шумаққа сыйғызған. Айта кету керек, Ержеңіс – айтыскер ақын. Республикалық, облыстық ақындай айтысының жүлдегері. Кітаптың әр беті баланы қызықтыратындай түрлі-түсті суреттермен безендірілген. Алғашқы бөлігі 1000 дана болып жарыққа шықты. «Бұл кітапты алған ата-ана не ұтады, оқыған, жаттаған және оны есептеп шығарған балаға нендей пайда?
Осы сұраққа жауап беріп көрейін:
1☆ Телефонға телмірген баланың назары кітапқа ауады.
2☆ Баланың логикалық ойлау дағдысы қалыптасады.
3☆ Тақпақ жаттау арқылы есте сақтау қабілеті артады
4☆ Жұмбақтарды шешіп, есептерді талдау барысында отбасылық жайлы көңіл-күй қалыптасады.
5 ☆ Кітапта әр жұмбаққа бір суреттен салынды.
6☆ Бұл кітапқа екі суретші мен балалар психологы атсалысты. 7☆ Бұл кітапты филология ғылымдарының докторы, математика ғылымдарының докторы және балалар ақындары мен математика пәні мұғалімдерінің кеңесі мақұлдады», – деп жазды автор өзінің Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.





