Қайыршыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда

313

0

Қайыршыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда Ағымдағы жылдың тамыз айының 21-нен бастап Қызылорда ОІІД-нің Жергілікті полиция қызметімен облыс көлеміндегі қоғамдық орындар мен көпшілік қауым шоғырланған жерлерде, нақтыласақ «Ескі базар», «Универсам», автовокзал, теміржол вокзалы, сауда орындарында рейдтік шаралар өткізілуде.
Ұйымдастырылған шараның мақсаты –  қоғамдық орындарда бал ашу, қайыршылық сипатта, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтап, ықпал ету.
Жедел профилактикалық іс-шараның екі күнінде учаскелік полиция инспекторларымен сауда және қоғамдық орындарда тиіскені үшін 17 тұлға анықталды. 7 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қалған азаматтардың жеке басы анықталмағандықтан Қызылорда ҚІІБ–ның қабылдау-тарату орындарына және Көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді.
Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ұсталған тұлғаларға бір жыл көлемінде қайталап жасаған жағдайда  ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік жаза, яғни қатаң жаза қолданылатындығын ескертті.
Сондай-ақ,  шара барысында 5 жасөсіпірім ұсталып, бейімдеу орталығына  жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<