Қайырымдылық марафонына қатысты

314

0

Қайырымдылық марафонына қатысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің « (Қызылорда қ.)» мемлекеттік мекемесінің 5 құтқарушысы 2018 жылдың 13 мамыр күні Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығы, Қызылорда қаласының 200 жылдығын мерекелеу аясында, Қызылорда облысының әкімдігі, «Жас Отан» жастар қанаты ҚОФ, «Тарлан» спорт комплексі, «Zangar Sport» қоғамдық бірлестігі, «Жомарт» мүгедектерге, балалары мүгедек ата-аналарға және тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету» қоғамдық бірлестігі, «Шуақты Бөбек» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Көктем Марафоны-2018» қайырымдылық марафонына қатысты.

10 шақырым қашықтыққа жүгіру қорытындысы бойынша құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Абай Кеңес жүлделі ІІІ орынға иеленіп, кубок және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Қалған 4 құтқарушы марафонның ондық үздік қатысушы қатарына кірді.

Бұл марафонның негізгі мақсаты – «Ұлт саулығы» идеясын, салауатты өмір салтын насихаттау және халықты дене шынықтыруымен және спортпен белсенді айналысуға баулу, бұқаралық спортты дамыту және жас спортшыларды қолдау болып табылады.

Марафонға 300-ге жуық облыстық және аудандардың мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен кәсіпорындар, бірлестіктер және т.б салалар өкілдері қатысты.

Марафонға қатысушыларынан жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<