Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент мамандары мемлекеттік қызмет жүйесінің 20 жылдығына және Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық марафонына қатысты.
Марафонға 200-ге жуық мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері қатысты. Қайырымдылық марафонның мақсаты балалар үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына қажетті қаржыларды жинау. Марафонға қатысушыларынан жиналған қаражат қоры сырқат балаларды емдеуге жолданады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<