Қайырымдылық жасау – ізгіліктің белгісі

30

0

ОӨАЖҚЖ-ның құтқарушылары күнделікті іс-әрекеттерімен қатар, қамқорлық пен басқа адамдарға қолдау көрсетуді қажет ететін балаларға ерекше назар аударып, қамқорлық жасауға тырысады.

Қайырымдылық шараны «Қызылорда еріктілері» қоғамдық қорының бастамасымен Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы ұйымдастырды. Жаңа жыл қарсаңында құтқарушылар лақап аты «Шанель» итімен және Қызылорда еріктілері аутизммен ауыратын балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аутизммен ауыратын балалар көпшілік ортада өздерін еркін сезіне алмайды. Көбіне отбасылық жағдайды, тыныштықты қалайды. Осыны ескерген құтқарушылар тобы мен еріктілер балғындарға үйлеріне барып қуаныш сыйлауды мақсат етті. Айта кетейік, облыста 200 ге жуық аутизмге шалдыққан бала бар. Қайырымдылық жасаушылар осы сырқат түрімен науқастанатын балалары бар 16 жанұяда болып, бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірді. Аяз ата мен Ақшақардың, мерекеге сай әсемденген иісшіл ит Шанельдің олардың үйіне келуі бүлдіршіндерге естен кетпес қызықты сәт болды.  Балалар мерекелік тақпақтарын айтып, тосын сыйға айрықша қуанды.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов  Жаңа жылда балаларға сәттілік пен бақыт тіледі,  болашақта балалар назардан тыс қалмайтындығына сендірді және мұндай қайырымдылық шаралар болашақта да жалғасын табады.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз