Қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар форумы өтті

246

0

Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың облыстық форумы өтті.

Форумға облыстағы қайырымдылық жасаушылар мен меценаттар, облыстық ҚХА құрылымдары,  этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенді мүшелері, жас кәсіпкерлер, басқарма қызметкерлері, қалалық және аудандық кәсіпкерлер және үкіметтік емес ұйымдар қатысты.

Форумның мақсаты – Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы меценаттар мен кәсіпкерлерді қолдау, қайырымдылықтың жағымды бейнесін қалыптастыру арқылы қайырымдылықтың дамуына жаңа екпін беру, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бірлесуіне жәрдемдесу. Аталмыш форум қоғамда әлеуметтік жағдайы аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсету, ортақ мақсатқа топтастыруды үндейді.

Форумда аймақтағы қайырымдылық іс-шаралары туралы бейнеролик көрсетілді.

 Шарада өзгелерге үлгі болардай жаны жомарт 8 қайырымдылық жасаушы мен меценаттар облыс әкімі Қ.Е. Көшербаевтың Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат иелерінің құрметіне халықаралық, республикалық байқаулар  лауреттарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, жомарт жандарға ізгі лебізін білдіру үшін қайырымдылықтың қолдауын сезінген жандарға сөз берілді.

 

                                                                          Облыстық Қазақстан халқы

                                                                                    ассамблеясы баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<