Қайырымдылық жүгіру жарысы өтті

347

0

Қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметші күніне орай Қызылордада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті. «Алға басу – Движение вперед!» атты шараға мемлекеттік қызметшілер мен қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты.

Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлерді спортқа баулу, жарысқа қатысушылардың шеберлігін шыңдау, «Дом» қайырымдылық қорына қолдау көрсету. Айтулы жүгіру жарысы бір стартпен, бір күнде, бір уақытта, барлық облыс орталықтарында, Астана, Алматы қалаларында ұйымдастырылды.
Қызылордадағы жарысқа қатысушылар «Достық үйі» алдынан жүгіруді бастап, «Евразия» СК жанында мәреге жетті.
Жарыс нәтижесі бойынша әйелдер арасында Перизат Жұбанова (25-31 жас), Марфуға Нұрболатова (32-39 жас), Фарида Айсаутова (40-49 жас), Әлия Абдуманова (50-59 жас) бірінші келсе, ерлер арасында Самат Борашев (25-31 жас), Бахытжан Ташенов (32-39 жас), Серік Айбосынов (40-49 жас), Александр Ким (60-69 жас) көш бастады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдармен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<