Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру – заман талабы. Осы орайда бүгін Астанада Германия – Қазақстан бірлескен форумы өтеді.
«Германия – Қазақстан аграрлық-саяси диалогы» жобасының қолдауымен өтетін шараның маңызы зор. Себебі, Германия агросаланы цифрландыру бойынша алдыңғы орында тұр. Мұнда жер сандық технологиялардың көмегімен игеріледі екен. Тың тәжірибені қазақстандықтар да қолдануға мүдделі. Сол үшін неміс ғалымдарымен байланыс орнатып, саланы жетілдіру көзделіп отыр. Форумға 100-ден аса делегат қатысады деп күтіледі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<