Қазалыда «Алдын алу. Сақтану.Егілу» акциясы өтті

345

0

Қазалыда «Алдын алу. Сақтану.Егілу»  акциясы өтті Жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша иммундау апталығы өтеді. Биыл елімізде бұл іс-шараны өткізу 24-30 сәуір аралығына жоспарланған. Осы уақытта еліміздің барлық емханаларында тегін түрде екпе жүргізіліп, екпенің маңыздылығын халық арасында түсіндіру үшін іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі – Қазалы ауданында өткізілген акция.

Шараның мақсаты – адам­­ денсаулығы мен салауатты­лы­ғы үшін иммундаудың маңызды­лы­ғын, бар­лық жұқпалы аурулардан қор­ғанудың жол­дарын, профилакти­калық екпелер жайын­да толық мағлұмат беру, өзінің және жанұясының вакци­на­лық статусын анықтауға көңіл бөлуге, қажет­ті екпелерді уақытылы алуға тұрғындарды шақыру.

Акцияға Қызылорда облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшылары Ә.Идрисова мен М.Битасова арнайы қатысты. Шара барысында сөз алған Ә.Идрисова облыстағы эпидахуал, иммундау аптылығы аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы баяндап берді.

Егілу – ол жұқпалардан өзіңді және баланы сақтап қалу. Сондықтан сырқаттануды емдегеннен гөрі, дер кезінде егіліп алдын-алу анағұрлым жеңілірек екенін естен шығармауымыз қажет,-деді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<