Қазалыда қарағайдан жасалған монша ашылды

414

0

Бүгін Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінен қарағай ағашынан жасалынған қоғамдық монша ашылды. Қоғамдық моншаның ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысып, кәсіпкердік жұмысына сәттілік тіледі.

Қоғамдық монша арнайы Ресей елінен тасымалданып әкелінген қарағайдан салынған. 40 адамға арналған қызмет көрсету орны 3 бөлімшеден тұрады.

Кәсіпкер Шалғынбек Наурызбаевтың айтуынша, бұл моншаның өзгелерден өз ерекшелігі бар екен. Қабырғалары тек қана қарағай ағашынан тұрғызылған соң, моншаға түскен адамның өкпесі қысылмай, емін-еркін шомылады.

Айта кетейік, Қазалы ауданында 4 457 кәсіпкерлік субъектілері бар. Оның 970-і биыл ғана тіркелгендер. 2019 жылдың басынан бері ауданымызда «Exclusive», «AryNaz» сауда үйлері, «Сулпак» сауда орталығы, «RR», «Орда» мейрамханалары, «Рамазан» супермаркеті,  «Аянат» ойын-сауық орталығы, жеке кәсіпкер Қ.Көлдеевтің «Автокөлікке қызмет көрсету» орталығы, өндірістік аймақтан Ә.Әбидің «Жылыжай кешені» пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін біршама кәсіпкерлік нысандары іске қосылады деп күтілуде. Олардың қатарында көлік жуу кешені, жанар-жағармай құю бекеті және басқа да кәсіпкерлік нысандар бар.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<