Қазалыда балалар технопаркі ашылды

248

0

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Қазалы аудандық оқушылар үйінде ITiMAQ – KAZALY балалар технопаркі ашылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.
Оның ашылуына «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық маслихат депутаты Қасқырбай Мәмбетжан және аудандық білім бөлімінің әдіскері Берік Абиев қатысты.
Сандық зертхана кабинеті арнайы білім беру бағдарламаларында көзделген теориялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Технопарк базасында робототехника, компьютерлік және интерактивті жабдықтар, радиоэлектротехника, бастауыш техникалық модельдеу, көлік модельдеу үйірмелері жұмыс жасайтын болады.  
Айта кетейік, 3Д технологияларды оқытуға арналған мультимедиялық кабинет арнайы жиһазбен, заманауи компьютерлік және мультимедиялық құралдармен, 3Д принтермен және материалдармен жабдықталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<