Қазалыда өз-өзіне қызмет көрсету орны бар автокөлік жуу орталығы ашылды

292

0

Қазалыда «AQUA SERVICE» атты ерекше көлік жуу орталығы ашылды. Ерекшелігі сол, бұл жерге келушілер«Өз-өзіне қызмет көрсету» орнында өз темір тұлпарларын өздері жуа алады. Ол үшін қажетті жағдайдың барлығы бар.

Аудандағы жас кәсіпкерлердің бірі Еркін Алданазаровтың айтуынша, мұнда келген автокөлік иелері өзінің қаржысына қарай машиналарын тазалайды. Мысалы, олар арнайы орнатылған аппараттан көбіктелген және таза суға тапсырыс бере алады.

Одан бөлек, мұнда қосымша ақылы автокөлік жуатын 3 орын бар. Сондай-ақ, орталықтың қызметін алушы тұтынушыларға арналған күту залы да қарастырылған.

Көлік жуу орталығы Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов №96а мекен-жайында орналасқан.

Айта кетейік, заманауи қондырғымен жабдықталған автокөлік жуу орталығы Қазалы ауданында алғаш рет ашылып отыр. Мұндай орталықтар облыс орталығы мен үлкен қалаларда көптеп кездеседі.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<