Қазалылық оқушылар жүлделі орын иеленді

226

0

Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің және «Фонд новых форм развития образования» мекемесінің ұйымдастыруымен «Балалардың инженерлік командасы» халықаралық конкурсы өтті.
Аталған конкурсқа Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №266,№249 мектеп-лицей оқушылары А.Сатмағамбетов, Н.Бекаралова, Н.Есекеев, А.Қанибаев және жетекшілері №266, 249 мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімдері Б.Жолдасбеков, Ж.Нағашыбаев қатысты. Конкурста оқушылар көру қабілеті бұзылған адамдардың бөлме ішінде және көшеде жүрген уақытта бағдарлай алатын, адамдардың өзіне қажетті заттарды тани алатындай әзірлеген арнайы құрылғыларын ұсынды.
Конкурстың ақтық сайысына ТМД елдерінен 400 баланың арасынан болашағынан үлкен үміт күттіретін қасиетті қазалылық оқушылар жүлделі екінші орынды иемденді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<