Азаматтар тұрақты және уақытша тіркеуге тұра алады

722

0

Облыс көлемінде жыл басынан бері 14 646 адам халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тұрғылықты жерінде тіркеуге тұрған. Ал egov.kz электронды үкімет порталы арқылы 20 678 адам тұрақты тіркеуге, 1 710 азамат уақытша тіркеуге тұрған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Аида Абибуллаева хабарлады.

– Облыс тұрғындары тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуге тұруды онлайн түрде жүзеге асыра алады. Жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне тұрақты және уақытша тіркеуге тұру egov.kz электронды үкімет порталы немесе «eGov mobile» қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін тіркелуші мен жылжымайтын мүлік иесінің Электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Тіркеуге тұрушы портал немесе қосымша арқылы тұрақты мекенжайды жазып, сұраныс береді.

Сонымен қатар, 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауына байланысты біздің мекеме қызметкерлері өңірдегі оқу орындарымен келіссөз жүргізіп, жатақханада тұратын студенттерді уақытша тіркеуге қоюда. Ол үшін мамандар оқу орындарының басшыларымен тікелей байланыс жасап, аудан және елді мекеннен келген студенттерді жатақханаға уақытша тіркеу жұмыстарын жүргізуде. Жалпы уақытша тіркеудің мерзімі 1 жылды құрайды, – деді Аида Ибрагимқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<