«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҰЖЫМЫ ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ

286

0

«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» ҰЖЫМЫ ТАҢЕРТЕҢГІЛІК ЖАТТЫҒУҒА ШЫҚТЫ Қызылордада игі бастама орын алды. Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ұжымы бүкілқазақстандық челленджге қатысты.
Таңертең ерте филиал директоры Айдын Қайруллаев бастаған 100-ге жуық қызметкер Елбасының «Сенің жаңа қырың» атты спорттық бастамасына қолдау көрсетіп, ұйымшылдықпен «Жұмыста да, спортта да біз бір командамыз» ұранымен таңғы жаттығуға шықты. Ұжымның ұйымшылдығын арттырған шараға арнайы инструктор ретінде облыстық салауатты өмір салты орталығынан мамандар шақырылды. Қатысушылардың барлығы белсенділік танытып, жетекшінің барлық нұсқауларын қуана орындады.
«Сенің жаңа қырың» челленджі, сөзсіз, игілікті және қажетті акция.  Бүгін біз әріптестерімізбен таңертеңгілік жаттығулар жасап, бір күнге жететін қуат алдық, көтеріңкі көңіл күйде жұмысымызды бастадық. Осындай спорттық іс-шаралар ұжымның ұйымшылдығын, адамдардың өмірге деген құлшынысын арттырары анық», – дейді филиал директоры Айдын Қайруллаев.
Айта кетейік, 4 маусымда бастау алған Challenge «Сенің жаңа қырың» бүкілхалықтық спорттық бастама қазақастандықтар арасында кеңінен қолдау тауып жатыр. Жобаның басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың спортқа деген ынтасын арттыру.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 
Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<