Азаматтарға алғыс айтты

52

0

Фото: Облыс әкімдігі

Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналиновтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, қала әкімі Нұржан Ахатов, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Данияр Еренғалиұлы Президент баста­масымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді атса­лысқан, Мемлекет басшысының жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.

– Өздеріңізге белгілі, өткен аптада Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында аймақтағы жаңа әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік нысандарда болды. Бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысымен танысып, облыс жұртшылығымен кездесті.

Атқарылған істерге «Облыс жақсы дамып келе жатыр. Қарқыны жоғары» деп оң баға берді. Бұл – Мемлекет басшысының биік сенімін ақтап, халыққа адал қызмет жасаудың, елдік мұрат жолында білімі мен білігін жұм­саудың, ел үшін аянбай еңбек етудің үлгісін танытқан, барша жерлестерімізді береке-бір­лікке ұйытқан аймақ басшысының қыруар жұ­мысты ұтымды ұйымдастыруының нәтижесі.

Мемлекет басшысының жұмыс са­парын жоғары деңгейде ұйымдастыруға қос­қан елеулі үлестеріңіз үшін Сіздерге Нұр­лыбек Машбекұлының риясыз алғысын жет­кіземін. Алдағы уақытта да Қызылорда облысының өсіп-өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына аянбай еңбек ете бер­гейсіздер! Егемен еліміздің жарқын болашағы жолындағы қызметтеріңізге биік абырой, өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! – деді Д.Жаналинов.

Жиында бірқатар қызметкерлер облыстың Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қызылорда облысының құрметті азаматы Шакизат Төребаев құттықтау сөз сөйлеп, марапат иелеріне ізгі тілектерін жеткізді.

«СБ» ақпарат