Қазақша стильдегі дефиле

2184

0

Ә.Тәжібаев атындағы кітапханада Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық мерекені ұлықтау, ұлттық киімдеріміздің танымалдылығын арттыру мақсатында «Қазақша стильдегі дефиле» атты ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылды. Шарада «Қарлығаш сән ательесі», «Камшат тігін ательесі» өз өнімдерін ұсынды.
Табиғи, экологиялық таза бұйымдардан дайындалған киім топтамалары көпшілік тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Ұсынылған этно-стильдегі киімдер киіз, жібек, зығыр матасы және басқа да табиғи тауарлардан тігілген. Ұлттық нақыштағы киімдерге салынған ою-өрнектер арқылы қазақ халқының болмысы, қалыптасқан стиль ерекшелігі байқалып тұрды.
Ұсынылған киімдер топтамаларында қыздарға, бозбала жігіттерге, сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндерге арналған үлгілері болды. Ұлттық киімдерден бөлек табиғи тауарлардан дайындалған бұйымдар ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<