Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына жаңа басшы тағайындалды

279

0

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына жаңа басшы тағайындалды Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (АФК) мүшелерінің кезекті жалпы жиналысында Елена Бахмутова Кеңес төрағасы лауазымына бірауыздан сайланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі afk.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚҚҚ кеңесі Кеңес төрағасы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары өкілеттіктерін бөлуді жалпы жиналыста қарап, Юлия Якупбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды бекітті. Юлия Константиновна қаржы секторымен жұмысын «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары ретінде жалғастырады.

Қазақстанның Қаржыгерлер Қауымдастығы еліміздің қаржы секторының мүдделерін бір ортаға шоғырландырады, оған банктер, сақтандыру компаниялары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, лизингтік компаниялар, микроқаржы ұйымдары, аудиторлық, консалтингтік компаниялар және басқа да ұйымдар кіреді. ҚҚҚ Қазақстан Ұлттық Банкі, Қаржы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінде аккредиттелген сонымен қоса «Атамекен» ҰКП жанындағы акредиттелген ассоциация.

Бахмутова Елена Леонидовна 1962 жылы туған. 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы (Нархоз) институтын бітірген, мамандығы «экономист». Ол Қаржы министрлігі, оның ішінде, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда әртүрлі лауазымдарда қызмет істеді.

2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалған.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаментін;

2004 жылы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары қызметін атқарып, кейін оны басқарды.

2012 жылы «Самұрық-Қазынаға» ауысып, онда төрағаның орынбасары және қаржы мен операциялардың басқарушы директоры;

2016 жылдан бастап «Әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы;

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

«Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ АҚ басқарма мүшесі болып қызмет атқарды.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі үшін ол «Парасат», «Құрмет» ордендерімен,сонымен қоса «Астанаға 10 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<