Қазақстан балуандары Азия чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды

402

0

 Қазақстан балуандары Азия чемпионатынан 15 медаль жеңіп алды Иранның Тегеран қаласында өткен күрес түрлерінен кіші жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 15 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, грек-рим күресінен өткен бәсекеде жас балуандарымыз 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алса, еркін күрес балуандары 3 күміс, 3 қола медальға ие болды.
 Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Грек-рим күресі Алтын медаль Әлихан Далабай (48 келі); Азиз Қасымов (57 келі); Мәлік Жалелов (68 келі) Күміс медаль Хамит Набиев (38 келі), Мәди Данелов (62 келі), Ислам Евлоев (44 келі), Мерей Маулетханов (52 келі); Қола медаль Бағдат Сабаз (41 келі), Абай Серікқазыұлы (85 келі) Еркін күрес Күміс медаль Әскербек Дарын (38 келі), Нұрланбек Әбдінұр (48 келі), Әмірханов Эмиль (52 келі ); Қола медаль Амангелді Еламан (41 келі), Ерболатов Ілияс (62 келі), Жақсыбаев Әділ (68 келі).

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<