Бейбіт Ыстыбаев Жекпе-жек кәсіпқой спорт клубының директоры қызметіне тағайындалды. Ол — қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы. 2011 жылы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінде күміс жүлде, ал 2012 жылы финалда Шалқар Жоламановтан басып түсті. Араға үш жыл салып, екі рет «Қазақстан Барысы» атанған. 2015 жылы финалда Руслан Әбдіразақовты жеңген. 2016 жылы Жұманазар Ерсұлтановтан ұпай санымен басым түсіп, үшінші мәрте «Қазақстан Барысы» атанды.
«Айқын» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<