Ақтөбе қаласында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы сәтті өнер көрсетіп, 22 медальді иеленді. Айтулы жарыста жерлестеріміз 10 алтын, 4 күміс, 8 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, төрт спортшымыз атап айтсақ, Жантөре Аманқос, Әсем Дәуренбекқызы, Нұрай Мектепхан және Бекзат Әмір 25-31 шілде аралығында 13 жасқа дейін жасөспірімдер арасында Моңғолияда өтетін Азия чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, байрақты бәсекеде еліміз бойынша 24 алтын болса, оның он алтынын қызылордалық тоғызқұмалақшылар еншілеп отыр.
Жалпы ел чемпионаты тоғызқұмалақтың классика, рапид, блиц түрлерінен өтті. Жекелей сында жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
Қазақстан жеңімпаздары: Нұрила Мектепхан (2 алтын, рапид, классика),рапид бойынша: Нұрай Мектепхан,Ерасыл Әмір,блиц бойынша:Ақберен Бақытберген, Азамат Маратбеков, Әсем Дәуренбекқызы, Жантөре Аманқос, Дамир Ахметов, Балнұр Айжарық.
Күміс жүлдегерлер: классика бойынша:Бекзат Әмір, Бекзат Қуанышбек, Ақберен Бақытберген,рапид бойынша: Айым Ақылбек.
Қола жүлдегерлер: классика бойынша:Дамир Сұлтанбек, рапид бойынша:Балнұр Айжарық, Ақберен Бақытберген, блиц бойынша: Көркем Асқарқызы, Ырыскелді Кенжебек, Нұрай Мектепхан, Ерасыл Әмір, Нұрай Ғаниқызы.
Қызылорда облысының құрама командасын жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Марат Рахметов бастап барды. Сондай-ақ, спортшыларды жарысқа дайындаған қала, аудан жаттықтырушыларының да үлесі зор деп айтуға болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<