2019 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан халқының саны 18 млн 448,6 мың адамға жетіп, өткен жылдың 1 сәуіріне қарағанда 238,8 мың адамға немесе 1,3 пайызға артты.ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегінше, қала тұрғындарының саны 10 млн 734,2 мың адамды немесе жалпы халық санының 58,2 пайызын, ал ауыл тұрғындары 7 млн 714,47 мың адамды немесе 41,8 пайызды құрайды.





