Астанадағы Digital Bridge халықаралық инновациялық форумында сөз сөйлеген шенеуліктің айтуынша, Қазақстанның 150-ден астам инженері Еуропа, Англия және Ресей зауыттарында тәжірибеден өткен. «Бәрі жақсы болса, 19 қарашада екі спутникті іске қосамыз», – деді ол.
Сонымен қатар, Нұрғожиннің айтуынша, ғарышта отандық инженер мен құрылымдаушылардың барлық ойлап тапқаны сынақтан өтіп жатыр. Бұл оларға коммерцияландыруға және өздерінің серіктерін жасап шығаруға мүмкіндік береді. Ең алдымен бұл қолданыстағы құрылғылармен ауысатын байланыс серіктері.





