Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстердің неге тоқтап қалғаны белгілі болды

171

0

«Эйр Астана» әуе компаниясының Дели – Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған KC 908 рейсі уақытында ұшып шыға алмай отыр. Оған Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе сапарларына жабықтығы себеп болды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұшақ Делиден Алматы уақыты бойынша сағат 12:50 кезінде ұшып шығып, сағат 16:40 кезінде Алматыға келуі керек болатын. Қазіргі уақытта әуе компаниясы аталған рейстің жолаушыларын түсіріп алу жөнінде шешім қабылдады», – делінген ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Белгілі болғанындай, «Эйр Астана» әуе компаниясының 27 ақпанға жоспарланған KC 963/964 рейсі мен 28 ақпанға жоспарланған KC 907/908 рейсі болжам бойынша орындалмауы мүмкін. 

«Жолаушылар аталған рейс жайлы колл-орталықтан немесе әуе компаниясының ресми сайтынан біліп отырғаны дұрыс. «Эйр Астана» әуе компаниясының колл-орталықтары: Алматы бойынша +7 7272 444477, Астана бойынша +7 7172 584477, ұялы тел.: +7 702 702 4477», – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, бұдан бұрын 27 ақпан күні ұшып шыққан Uzbekistan Airways әуе компаниясының Ташкент-Амритсар бағытындағы Boeing 767 борты Ташкентке қайтып келген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<