Ақтөбелік команданың армениялық легионері маусымдағы ең үздік голды ХVI турда «Шахтер» қақпасына соққан. Айта кетейік, Маркос Пизелли осы маусымның ең үздік футболшысы атанған да болатын. Сондай-ақ 24 ойында 18 гол соғып, ең үздік сұрмерген де атанған футболшы.
Маусымның ең үздік үш голы: 1. Маркос Пиззеллидің голы («Ақтөбе» – «Шахтер» 2:0) – 2106 дауыс; 2. Марин Томасовтың голы («Астана» – «Қайрат» 3:2) – 1167 дауыс; 3. Исаэльдің голы («Атырау» – «Қайрат» 1:3) – 851 дауыс





