Бүгін командалық сында жеңімпаздар белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы тарихымызда тұңғыш рет құрлық додасының жеңімпазы атанды. «Ақтық сында отандастарымыз Өзбекстан құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Үш кездесуде атыраулық спортшылар Ануар Сариев, Дәулет Теміржан және Жанбота Аманжолов өз қарсыластарынан басым түсті», – дейді облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиев. Ал үшінші орынды Оңтүстік Корея мен Жапония елдері бөлісті. Айта кету керек, құрамадағы 12 спортшының сегізі – атыраулық.
Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
09.09.2019
456
0





