Қазақстанға келген шетелдік тікелей инвестициялар көлемі артты

187

0

Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялар көлемі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Инвестициялар комитетіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық банктің ресми мәліметтеріне сәйкес, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,4 пайызға артқан. Бұл 17,3 млрд АҚШ доллары (2017 жылдың 9 айында 16 млрд АҚШ доллары).
Еске сала кетсек, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында «Ірі әрі серпінді жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен бірлесіп инвестиция салу қағидаты бойынша жұмыс істейтін Шикізаттық емес секторға бөлінетін тікелей инвестиция қорын құру мәселесін қарастыру қажет», – делінген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<