Қазақстанға келген мигранттардың саны 620 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов бүгінгі Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі
«Ресми статистика бойынша, соңғы үш жылда біздің елімізге 5 миллион 600 мыңнан астам шетелдік азаматтар келген. Олардың 90 пайыздан астамы ТМД елдерінің азаматтары. Негізінен, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан және Ресейден келген. Сондай-ақ, алыс елдерден келген мигранттардың қатары көбеюде. Осы уақытқа дейін олардың саны 620 мыңға дейін жетті. Олардың көбі қытай және түрік азаматтары», – деп атап өтті ҚР Ішкі Істер министрі.
Министрдің айтуынша, басты міндет заңсыз көші-қонға тоқтау салу, себебі ол қоғамдық тәртіп үшін қауіпті фактор болып табылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<