Қазақстанда 13 қаңтар күні ауа райы қандай болады

218

0

13 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде таң ата және күндіз жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, екпіні 23 метрге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Қызылорда облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Шымкентте белгілі бір уақыт аралығында тұман түседі. Түркістан облысында да тұман түседі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<