Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова келер жылдан бастап ынтымақты зейнетақының қанша пайызға артанын мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Министрдің сөзінше, биылғы жылы инденсация 9%-бен жүргізілген екен.
«Қазақстанда жыл сайын зейнетақы индексациясы жүргізіледі. Мысалы биыл біз индексацияны 9%-бен жүргізсек, келесі жылдың қаңтарында инфляция деңгейіне 2% қосып, индексация жасамақпыз», – дейді ведомство басшысы.
Сонымен бірге, министр еліміздегі орташа зейнетақы мөлшерінің қанша екенін айтты.
«Биыл базалық зейнетақының жаңа үлгісі енгізілді. Оған сәйкес, базалық зейнетақсы 67%-ға өсті. Ондай қариялардың саны 1 миллионнан астам. Негізі Қазақстандағы зейнетақы мөлшері ТМД елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Зейнетақының орташа мөлшері 101 мың теңгені құрайды», – дейді министр.





