Қазақстанда 2020 жылғы демалыс күндері ауысты

497

0

Қазақстан Үкіметі 2020 жылдың қаңтар мен мамыр айындағы мереке күндерін ауыстырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Яғни, қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.
Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді.
Демалыс күндері:
•дүйсенбі, 11 мамырдан жұма, 8 мамырға;
•2020 жылы жексенбі, 20 желтоқсаннан жұма, 18 желтоқсанға ауыстырылды.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<