Қазақстанда 43°С ыстық болады

289

0

Қазақстанда 43°С ыстық болады Синоптиктер 11-13 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынына болжам жасады, деп хабарлады Қазгидромет.
«Шілденің ортасына қарай жаздың ең ыстық кезеңі басталады. Алдағы үш күнде күн райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз сынап бағаны 30-38°С, кей жерлерде тіпті 40…43°С-ты көрсетеді. Бұл көп жылдық орташа мәннен жоғары», – делінген хабарламада. Синоптиктердің айтуынша, тек батыс өңірлерде ғана жаңбыр себелеп өтуі мүмкін, сонда да басқа өңірлердегі сияқты күн қатты ысиды.