Бұл мәлімет еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде айтылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысының 49 жастағы прокурор орынбасарын мұндай жағдайлардың мысалы ретінде келтіруге болады. Ол жаңа туған сәби күтіміне байланысты демалысқа шыққан.
Жалпы алғанда, соңғы жылда елімізде төрт жүзден астам сәби өмірге келген. Демографиялық ахуал көңіл қуантқанымен, ажырасулар саны артып барады. Өткен жылы 54 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.
«Өкінішке қарай, заңды түрге некеге отырғандардың 30 пайызы отбасылық өмірдің алғашқы жылында ажырасып кетеді. Бұл көрсеткіш өзгермей келеді, бірақ мәселе отбасы құрған адамдардың санасына байланысты», – дейді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<