Портал сарапшылары алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы бір жыл ішінде 5,8 пайызға, 16 870 теңгеге дейін өсті деп есептейді. Бір жыл бұрын бір грамм 15 938 теңге тұрған. Нұр-Сұлтандағы алтын әшекейлер – 23 707 теңге. Одан әрі Ақтау (20 285 теңге) және Атырау (19 859 теңге). Алтын бағасының едәуір өсуі Павлодарда (грамм үшін +26,5 пайыз, 17 491 теңгеге дейін), Алматыда (грамм үшін +19,6 пайыз, 15 254 теңгеге дейін) және Шымкентте (грамм үшін +17,3 пайыз, 15 725 теңгеге дейін) байқалады. Күмістен жасалған зергерлік бұйымдар бір жыл ішінде 1,8 пайызға 1 482 теңгеден 1 509 теңгеге дейін қымбаттады. Атырау (грамм үшін – 2 226 теңге), Нұр-Сұлтан (грамм үшін 1 982 теңге) және Алматы (грамм үшін 1 948 теңге) тұрғындары күміс әшекейлер үшін бәрінен артық төлейді. Ең жоғары баға Қостанайда (грамм үшін+17,3 пайыз 1 663 теңгеге дейін), Көкшетауда (грамм үшін+8,5 пайыз 1 039 теңгеге дейін) және Таразда (грамм үшін+7,4 пайыз 1 373 теңгеге дейін) тіркелген.
Қазақстанда алтын қымбаттады
25.10.2019
355
0





