Қазақстанда діни мәселелер бойынша Call орталық іске қосылды

217

0

24 сағат жұмыс істейтін Call орталық діни мәселелер бойынша жауап іздеген жамағатқа қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтеме жасап.

«Бүгін елімізде 24 сағат қызмет көрсететін Call орталық ашылды. 8 (7172) 33-30-30 нөмірі бойынша іске қосылған орталық жұмысына Астана қаласының 60 діни қызметкері жұмылдырылды. Онда түрлі діни мәселелер бойынша жауап іздеген жамағатқа қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетілетін болады», -делінген басқарма хабарламасында.

Одан бөлек, бүгіннен бастап Астана қаласының 10 мешітінде «Діни ақпарат беру орталығы» өз жұмысын бастады.

«Халық сұранысын қанағаттандыру мақсатында іске қосылған бұл жоба түрлі түйткілді тақырыптар бойынша (неке, талақ, несие, мұрагерлік т.б.) кеңес сұраған жандармен көзбе-көз кездесіп, сырт көздерден тыс сұхбаттасуға қолайлы болу үшін ашылып отыр», – деп хабарлайды ҚМДБ.
Аталған қызмет түрлерінің ашылуына Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, еліміздің Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз қатысты.

«Біздің 60 маманымыз түрлі сұрақтарға жауап береді, оның ішінде психолог та бар. Сол сияқты мұнда тек қана дінге қатысты сұрақтарды қамтымайды. Кейде адамдар күйзеліске түсіп, оның арты суицидке апарып жататын жағдайлар болады. Міне сол кездерде оған рухани жәрдемші болып дұрыс ақапарат беретін, оның көңіліне қуаныш пен жақсы үміт ұялататын жұмыс жасалынатын болады», -деді ол.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<