Негізгі азық-түлік өнімдерінің ең аз нормалары бойынша есептелген, ең төменгі күнкөріс деңгейінің жан басына шаққандағы орташа мөлшері 2018 жылғы желтоқсан айында 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,3 % артқан. Өткен айда ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымында: ет пен балыққа шығындардың – 20,5%, сүт, май өнімдері және жұмыртқаға – 16,3%, көкөністер мен жемістерге – 8,3%, нан өнімдері мен жарма өнімдеріне – 7,6%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2,3% жұмсалған.
Автор: Асхат Ахметбеков





